Алаштың Арыстары

Бостандық көксеген халықтың 1916 жылғы көтерілісі отарлаушылар тарапынан қанға батырылып, аяусыз жанышталды. Ал, 1917 – 1920 жылғы аласапыран, қазақ елін шілдей тоздырды, озбыр отарлаудың заңды жалғасы ретінде өріс алды және бейбіт елдің берекесін кетірді. Қазақты ақ та, қызыл да шапты.

Елдің құты қашып қансырады. Осылайша өсіп – өнген жерінен, атамекенінен жырақтап, талайлары отанынан қудаланып, «қызыл қырғын» босқынға айналды. Содан кейінгі 1928 – 1932 жылдардағы  «Жаппай коллективтендіру», сол кездегі ашаршылықтың қасіреті халықты тағы да  қиындыққа  дұшар етті.

1917 жылы тамыз айында жалпықазақтық бір құрылтай шақырылып,  «Алаш партиясы» тарих сахнасына шықты. Осы партия құрылуы арқылы нақты мемлекеттік Алаш идеясының негізі қаланды. Ол идеяның ұйтқысы – Әлихан Бөкейханов болатын.

Тәуелсіздікті ғасырлар бойы аңсаған қайсар халқымыз, заман ағымына қарай күресіп, әдіс – тәсілін өзгертіп, бодандықтың бұйдасын үзіп, өз алдына ел болуды көкседі.

Алаш туын көтеріп желбіреткен аяулы арыстарымыз қылаусыз көңілмен сенген, үкілі үмітін жастарға арнап: —

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты,

Мен жастарға сенемін – деп жырлаған еді Мағжан ақын.

Дәл осындай тәуелсіздік идеясын қасиетті қазақ жерінен амалсыз жырақта Европа жерінде күресін жалғастырған Мұстафа Шоқай да барлық елім деген алаштықтар алған бағытынан айнымады.

Қазақ халқы осы аяулы арыстарымыздың, —  «Тізерлеп өмір сүргенше, тік тұрып өлген артық»,- деген ата – баба өсиетіне қылау түсірмей өткен,  арманда кеткен арыстарымыз – ай деп қазақтың бодандықтан құтылып тәуелсіз ел болуы үшін күрескен,  «Оян қазақ», — деп жар салған Алаш Арыстары еді.

«Тағдыр бұйыртқан тәуелсіздігіміздің қадырын білейік, осы тәуелсіздік үшін күрескен алашшыл арыстарымыздың аруағын қастерлейік, халқымызға адал болайық», — дей келе халық жазушысы Қабдеш Жұмаділев: —  «Базар билеген заманда саудаға түспейтін дүние жоқ.Қажет боп бара жатса, малды да, мұнайды – да, көмір мен темірді де, алтын – күміс асыл тасты да бәрін бұлдап өткізуге болады. Тек дүниенің бар байлығын ұсынса да саудаға салуға болмайтын бір киелі нәрсе бар. Ол – қазақ елінің Тәуелсіздігі» — деп ойтастаған еді.

«Ұлтқа қожалық жасауға болмайды, оған тек қана қызмет етуге болады» — дегенТүрік елінің президентіМұстафа Ататүрік.

«Тілі, діні, рухы сақталған кезде ғана жер бетінде қазақ мемлекеті өмір сүреді», — деп ескерткен Мұстафа Шоқай.

Егер біз өткен тарихымызға терең үңілсек, үш буын өткерген өмір жолында қазақтың бостандығы үшін тер төгіп, жан қиған болашаққа зор сеніммен қараған зиялы ер азаматтарымызды білеміз.

Келесі ұрпақ уақыт өткен сайын алаш арыстарының ерен еңбектерін халқының болашағы үшін өздерін құрбандыққа байлағанын,  рухтары мықты, батыл адамдар екенін түсініп, оларды ардақтайды.

Біз ғұлама — ақын Шәкәрімнің терең философиялық жырларына таңдансақ, Мағжанның лирико – поэтикалық дарынына  тәнтті бола отырып, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, қазақтың тұңғыш теміржол инжинері М. Тынышбаев,

Мұстафа Шоқай, С. Сейфуллин, Бейімбет Майлин сынды алаш арыстарының тәуелсіз қазақ мемлекетін құру идеясының мәнін бүгінге дейін жоймай, қазіргі тәуелсіз Қазақстанда жүзеге асып отырғанын көреміз. Сондықтан Алаш ардақтыларының аруағына бас иіп, рухын құрметтеу бүгінгі ұрпақтың басты парызы деп білеміз.

Рубрика: Без рубрики | Оставить комментарий