Алаштың Арыстары

Алаштың Арыстары

 

Сөзі мен әні: Мэлс Керейбаев

Жанмен сезіп халықтың зар арманын,

Тәуелсіздік таңы деп ұрандадың.

Еркіндіктің өр рухын тік ұстадың,

Батырларым ер мүсін қырандарым.

 

Азаттық елім көрсе деп,

Ұрпағым еркін өссе деп,

Міржақып, Мағжан, Әлихан,

Ахмет сынды ғұламам.

Мұстафа Шоқай сұңқарым,

Қиянға сайлап тұлпарын,

Мұхаметжан, Тұрарым,

Алаштың басын құрадың.

Бейімбет, Сәкен, Ілияс,

Халқым деп өткен зиялым.

Арманда кеткен боздақтар,

Сендерді қайтып қиямын.

 

Алатаудай апайтөс асқарларым,

Айнымаған сертінен асқақ арың.

Елің үшін барыңды құрбан етіп,

Өлімнен де өр тұрып жасқанбадың.

Реклама