Байтұрсынов Ахмет (1873 – 1938)

Рисунок8Бірінші қаңтарда Қостанай облысы, Жангельдин ауданы Сарытүбек ауылында туған. Ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы қоғам қайраткері. Қазақ елінің тәуелсіздігін армандап, сол жолда күрескен Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі көсемдерінің бірі.

1982 – 84 жылдары ауыл мектебінде оқиды. 1890 жылы Торғайдағы екі кластық орыс- қазақ училищесін, 1892 жылы Орынбордағы мұғалімдер мектебін бітірді. 1909 ж патша үкіметінің Саясатына қарсы наразылық білдіргені үшін Семей түрмесіне жабылын 1910 ж. Жер аударылды.

1913 ж Орынборда «Қазақ» газетін уйымдастырды, 1917 жылдық аяғына дейік оның редакторы болды.

Қазақ елінің тәуелсіз мемлекеттігін армандап, сол жолда күрескен Алаш үкіметі көсемдерінің бірі болды, ал Кеңес өкметі орнаған кезде, большевиктер жағына шығып 1919 жылы. Қазақ өлкесін басқаратын  Әскери- революциялық комитетінің мүшесі болған.

1922 — 1925ж  Қазақстанның Халық ағарту комисариаты жанындағы ғылыми – әдеби комиссияның төрағасы, халықағарту комисары және Каз ПИ – де ұстаздық етті.

Шағармашылық жұмысын өлең жазудан бастаған, оның алғаш өлең жинағы  «Қырық мысал» деген атпен 1909 ж Санкт- Петербургте жарияланған.

Екінші кітабы – «Маса» (1911 ж) көптеген өлеңдері, зергітулері  ағартушылық бағатпен , Шоқан, Абай, Ыбырай қалыптастырған гуманистік демократиялық жолымен үндес болды.

Ол өз еңбектері арқылы қалың үйқада жатқан қараңғы елге жар салып, ой- санасын оятуға бар жігерін қайратын жұмсады.

Халық ауыз әдебиетінің үлгілерін  жинап, жарыққа шығаруда зор еңбек сіңірді.

Реклама