Біләл Сүлеев (1893 — 1937)

Рисунок1Елі Найман, оның ішінде – Қаптағай, оның ішінде – Думан, оның ішінде – Бұйрас еді.

Әкесі – Майлыұлы Сүлей – қажы.

Шешесі – Қамқа.

1893 жылан жылы күзде Қапал қаласының төңірегінде Баянжүрек дейтін жерде дүниеге келген. Балалық шағы Ақсудың Сағабүйенінде өткен. Біләл алғашқы білімін әкесінен алды. Әкесі — Сүлейде, атасы Майлыда оқыған, көзі ашық адамдар болған. 1911 жылы 18 – ге келген Біләл сол жылы Қарағаштағы “Мамания” медресесіне оқуға келеді. Маманияның мұғалімдері Түркияда, Мысырда білім алған. Ғазиз Мусин, Файзырахман Жаһандаров сияқты білікті ұстаздардан дәріс алды, Маманияда орыс мұғалімдер де сабақ берген.

Бірер жыл Маманияда оқыған Біләл Маманов Есенғұл өз қаражатымен Уфадағы мұғалімдер даярлайтын татардың “Ғалия” дейтін медресесіне аттандырады, кейін  Орынбордағы мұғалімдер семинариясына оқуға түседі, сонда оқып жүрген кездерінде, Орынборда шығатын “Қазақ” газетінде қызмет ете жүріп, өзінің тырнақалды өлеңдерін, мақалаларын “Матай”,“Қаптағай” деген лақап атпен жазып тұрады.

1916 жылы семинарияны жақсы тауысқан Біләл қара жұмысқа алынған қазақтарға мыңбасы болып Минскіге барады. 1917 — 1918 оқу жылында Қапал қаласындағы татар мектебінде мұғалім және оқу ісінің басқарушысы болып қызмет атқарады. Сол жылы осы мектепті үздік тауысып, оқу – ағарту бөлімінің ұйғарымымен өзі оқыған мектепте мұғалімдік қызметке қалдырылған. Фатима Ғабитовамен танысып үйленеді.

Б. Сүлеев “Талды” деген жерде Жандосов Ораз екеуі большевикке өткен адамдарды қабылдап, сол жерде “Садыр – Матай” дейтін бюро ұйымдастырып, соның басқарушысы бола жүріп аса бүлінбеген Жалайыр ішінен астық сатып алуға мандат беріп, ел арасын жөнге келтірген.

1928 – 1929 оқу жылында Біләл Ақтөбедегі облыстық халыққа білім беру бөлімінің меңгерушісң, 1930 жылы Орынбор орталық Волга өлкесіне, Ташкент Өзбекстанға берілуі себепті, Қазақстан сол  жердегі өз институттарын бұл қаладан алып, Наркомпросттың шешімімен жоғары оқу орындарын көшіріп ұйымдастыруға тәжірибесі мол қызметкері Біләлға тапсырылып, Орынбордағы мұғалімдерін институтын Оралға, Ташкенттегі мұғалімдер институтын Семейге көшіріп, орналастарып, ректорлық қызметке сайлады. Көрнекті ағартушы Б. Сүлеев Семей институтына оқытушы кадрларды іріктеп жатқанда Біләлді НКВД қамауға алып, жазықсыз екі жыл түрмеге жауып, 1932 жылы күзде босап шықты. Бірақ ол Қазақстанда тұрғысы келмей Мәскеу кетті.

Онда бір өндіріс орнында мәдени – ағарту қызметінде болды. 1934 жылы Қарақалпақ Наркомпросына Мәскеуден жіберіледі. 1937 жылының соңғы айларында сол Қарақалпақтағы жоғары оқу орнын басқарып жүрген кезінде НКВД қамауға алып, жоқ қылды.

Біләл Сүлеев ағартушы, методист, ақын, драматург, сатирик, юмарист, журналист еді.

Біләл талабы бар көптеген қазақ жастарын оқытып, білім алуына мүмкіндік жасаған. Талапты жастарды Алматыға арнайы шақырып оларды мұғалімдер  даярлайтын курсқа оқуға түсіреді.

Біләл сол жылы Ілиясты академик А. Дивеевтың экспедициясына қосып, Жетісу өңірінен фольклор жинауға, осы өңірді жақсы біледі, таниды, экспедицияға себепші болады деп есептеп қосып жібереді.

Осы сапардан кейін, І. Жансүгіров Ташкентке келіп, мұнда мұғалімдер даярлайтын алты айлық курсқа түсіп, ойдағыдай бітіріп, өз елі Белтоғанға ұстаздық етуге оралады.

Реклама