Жұмабаев Мағжан (1893 – 1938)

Рисунок5Бүгінгі күнгі бар жазушының ішінен келешекке

бойұрып, болашаққа  анық қалуға жарайтын сөз! Мағжан сөзі

М. Әуезов

25 маусымда Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы, Сасықкөл ауылында туған. Әулетті әкесі Бекен Мағжанды Қызылжардағы Бегішев медресесіне оқуға береді. Бес жыл оқып бітірген соң, 1910 -1913 жж Уфа қаласындағы “Ғалия” медресесінде оқиды. Осында жүріп “Садақ” журналын шығарысады, өзінің өлеңдерін жариялайды. Абайдың өлеңдер жинағымен танысады, Арап, Парсы, Түрік тілдерін оқып үйренеді. Шығыс пен Батыс поэзиясынан, Абай үлгісінен нәр алады. 1913 – 1917 жж Омбыдағы мұғалімдер даярлайтын семинарияда оқиды.

1923 – 1926 жылдары Мәскеуде көркем әдебиет институтында дәріс алған. “Шолпан” атты өлеңдер жинағы жарық көрді. “Батыр Баян”, “Оқжетпес қиясында”, “Қойлыбайдың қобызы” поэмаларын жазды. Мектеп оқушыларына, мұғалімдерге арнап “Ана тілін оқыту жөні” –туралы  еңбектерін жариялады.

Реклама