Ораз Жандосов (1898 – 1938)

Рисунок11Ораз Жандосов – Қазақстанда Кеңес өкіметін орнатуға және нығайтуға белсене қатысқан

Алматы облысының Қаскелең ауданында туған. 1918 жылдан КПСС мүшесі. Верный  (Алматы) ерлер гимназиясын бітіріп революциялық жұмысқа араласты, Жетісу Совдепінің нұсқаушысы болып, жергілікті жерде Кеңес өкіметін нығайтуға ат салысты. Жетісудың ұлт істері жөніндегі облыс бөлімін басқарды. 1923 жылы Темирязев атындағы Ауыл – шаруашылық академиясында оқыды. 1924  — 28 жылдары  БК (б)П Қазақстан өлкелік комитетінің  үгіт – насихат бөлімінің меңгерушісі болды. Ауыл экономикасын зерттеу жұмысымен айналысып ғылыми еңбектер жазды.

1928 — 37 жылдары КазССР ағарту Комисариатында,  Қазақ ауыл – шаруашылық институтының директоры, Қазақ БОАК және оның президиум мүшесі, Қазақстан өлкетану қоғамы басқармасының төрағасы болды.

Реклама