Сәкен Сейфуллин (1894 – 1938)

Рисунок315 қаңтарда Жезқазған облысы, Ақадыр ауданы, Қарашірік қыстауында туған. 1905 – 1908 жылдары Ақмоладағы бастауыш приход мектебінде, 1913 – 1916 жж қалалық үш класты училищеде оқиды. 1914 жылы Қазан қаласынан “Өткен күндер” атты өлеңдер жинағын баспадан шығарды.  “Жас қазақ” ұйымын ашты,  “Тіршілік” газетін шығарысты. 1918 жылы сәуірде  “Қызыл сұңқарлар” пьесасының премьерасын көрсетті. «Атаманның  азап вагонында» 47 күн ажалмен арпалысып 1919 жылы Колчактың Омбыдағы түрмесінен қашып шықты.

1920 жылы Қазақ Кеңес Автономиялық Республикасын жариялаған Кеңестің І –құрылтай съездіне делегат болып сайланды.

1922 жылы  “Еңбекші қазақ” – газетінің редакторы, 1922 -25 жж Халық Ағарту Комиссиясының Төрағасы болып сайланды. “Домбыра”,  “Экспресс”,  “Кокшетау” өлең поэмаларын, “Тар жол, тайғақ кешу”атты тарихи романын жазды. Қазақстан ескі әдебиет нұсқауларын жинау, зерттеу, ісімен шұғылданды, қазақ фольклорының тарихына арнап  “Қазақ әдебиеті” кітабын және оқулықтарын жазды. Қазақ жазушыларының ішінен тұңғыш рет Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды.

Сәкеннің алғашқы өлеңдер жинағы “Өткен күндер”,- деген атпен 1914 жылы жарық көрді.

Поэзиялық туындыларының ішінде “Кел жігіттер”,  “Жас қазақ марсельиезасы”,  “Жұмыскерлер”,  “Жолдастар” сияқты саяси лирикалары, сондай – ақ   “Советстан”,  “Көкшетау”,  “Альбатрос”,  “Қызыл ат”. Проза саласында   “Айша”,  “Біздің тұрмыс”, “Жемістер”,  “Сол жылдарда” повестері,  “Қызыл сұңқарлар” – драмалары өз заманының рухын танытатын елеулі шығармалар. Қазақ әдебиетінің қалыптасуына айрықша еңбек сіңірген

С. Сейфуллин қазақ әдебиетінің басқа жанрларында да айтарлықтай із қалдырды. Әсіресе қазақ әдебиеттану ғылымында күні бүгінге дейін құнын жоймаған   “Қазақ әдебиеті”, — атты зерттеу еңбегінің мәні зор.

Сәкен шығарған әндер халықтық дәстүрді тұғыр ете отырып, дүниеге келген өзіндік даралық сипаттармен ерекшелінеді.

Сәкен қазақ маңдайына біткен біртуар дара тұлғалардың бірі. Ол өз ұлтын қалтқысыз сүйіп, халқына ерен еңбек сіңірген азамат еді.

Реклама