Тұрар Рысқұлов (1894 – 1938)

Рисунок10Тұрар Рысқұлов – мемлекет және қоғам қайраткері, Әулие – Ата уезіндегі 1916 жылғы ұлт азаттық көтерілісінің ұйымдастырушысы және басшысы.

Ақпан төңкерісінен кейін ол қазақ жастарын революциялық жолға жұмылдырып, Қырғыз – Қазақ жастарының одағын ұйымдастырып, Әулиеата

Революциялық  кеңесімен тығыз байланыс жасады. Осындай саяси көтеріліске белсене араласқан Тұрарды,  патша үкіметі тұтқынға алды.

Кеңес өкіметі орнасымен ол Әулиеата уездік Совдепінің атқару комитетінің төрағасы болды.

Бұдан кейін Түркістан республикасы Орталық атқару комитетінің,  РК(б)П Мұсылман бюросының төрағасы қызметін атқарды.

1926 жылы Мәскеуге шақырылды, онда ол қашан қамауға алынғанша, РСФСР Халық Комиссариаты Кеңесінің төраға орынбасары қызметінде болды.

Осындай қыруар еңбек еткен, халқының бақыты үшін аянбай тер төккен асыл азаматты отаршыл озбыр саясат, өз халқына жау етіп көрсетіп мерт етті.

Реклама