Әлихан Бөкейханов (1870 – 1937)

Рисунок2Бүкіл мағыналы өмірін халықтың азаттық алып, еркін ел болуына арналған аяулы азаматтың соңғы демі біткенше сол мақсат жолында жасаған қызметі сан қилы. Ол – Ресей жергілікті және қалалық қоғам қайраткерлері съезінің делегаты Ресейдің І – Мемлекеттік Думасының мұсылмандар фракциясының Бюро мүшесі, ғұлама ғалым – ормантанушы, экономист, мал шаруашылығын зерттеуді ғылыми жолға қоюшы, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, аудармашы, әрі публицист ретінде қазақ халқының саяси – әлеуметтік, мәдени – рухани тарихында өшпестей із қалдырған ірі тұлға.

Әлихан Бөкейханов — қазақтың басын біріктіріп, тәуелсіз ел болу жолын көрсетіп, сол мақсатқа жету жолында өз бойындағы бар қасиетін: ақыл – ойын, өнер – білімін, жігер – қайратын, бар саналы өмірін арнаған адам. Егер ол өзінің бас пайдасын ойлап, патша заманында мәнсапқор болып, шен – шекпенге қызығып, ұлық болғысы келсе, өзі ақсүйек, хан әулеті әрі оқымысты Әлихан Бөкейханға ол жол оңай еді. Бірақ Әлихан қара басының қамын ойлаған жоқ. Туған халқының қамын ойлап, белін бекем байлап, ел үшін еңбек ету жолына түсті. Аяғын шалыс басып, адасса да қилы заман қиын асудан қиналып қателессе де сол жолдан таймады. Бірақ халық басына бостандық күні туатынына кәміл сенді.

Реклама