Алаш партиясына арналған өлеңдер

alihan-alash-kopiyaАлаш партиясына арналған өлеңдер – «Алаш» партиясының, Алашорда үкіметінің құрылуына байланысты, оны құттықтаған, ұлт тәуелсіздігіне үлкен сенім артқан бірқатар өлеңдер шамамен бір мезгілде жарық көрді. С.Торайғыровтың «Алаш ұраны», Ғ.Қарашұлының «Алашқа», «Алаштың азаматтарына», С.Дөнентаевтың «Азаттық күні», Н.Наушабаевтың «Алаш ордаға», Ә.Мәметовтың «Алашқа сәлем», Ж.Аймауытовтың «Әскер марсельезасы», «Ұран», Н.Наушабаевтың «Алашордаға», Б.Майлиннің «Бұл дәуірді күн бар екен көретұғын…» деп басталатын, қырғыз ақыны Қ.Тыныстановтың «Алачқа» өлеңдері Алаш қозғалысының сипатын поэтикалық жағынан таныта аларлық тарихи туындылар болды. Бұл өлеңдердің барлығында халықты бостандыққа, бірлікке, теңдікке, азаттық үшін күреске шақыру идеясы басым. Бұл шығармалар сол дәуірдің ұраны іспетті болып, халықтың еңсесін көтеруге, елдің ертеңіне сенімін арттыруға зор үлес қосты.

Реклама