Аманжолов Садық Аюкеұлы

Аманжолов Садық Аюкеұлы – Алаш қозғалысына қатысушы қайраткер. Ол 1885 жылы Алматы облысы Шелек ауданы Қаратұрық ауылында туған. Балалық шағы туған ауылында өтеді. Арманшыл әке Аюке баласынан үлкен үміт күтсе керек, оны жастайынан үлкен істерге дайындап кесек мінез қалыптастыруына себепші болады. Садық білімге құштар болып өседі. Әкесі оны Верныйдағы (Алматы) ұлдар гимназиясына оқуға береді. Ол мектепті 1902 жылы бітірген екен. Бірақ, өзінің алған білімін қанағат тұтпайды. Еліне адал қызмет ету үшін әлі де көп білім керек еді. Осыны жақсы түсінген ол Қазандағы император университетінің заң факультетіне оқуға түседі. Университеттен өзіне керекті мол білім алады. 1910 жылы университетті тамамдап, елге оралады. Алғашында өз мамандығы бойынша жұмыс істейді.

Реклама